«Барселона» экс-«Реал» ойыншысына көз тікті
Футбол
Алибек Дангарин
Сарапшы
ФОТО: Getty Images
«Барселона» «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы әрі капитаны Мартин Эдегораны өз трансферлік тізіміне қосты. Бұл туралы indykaila X платформасында хабарлады.
Дереккөздің мәліметінше, каталондық клуб 26 жастағы норвегиялық футболшының мансабында жаңа сынақтарға дайын екеніне сенеді. Сондай-ақ, көк-гранаттылар ойыншыны жазда, маусым айында өз құрамына қосуға әрекет жасамақ.
Эдегор 2021 жылдың жазынан бері «канонирлердің» намысын қорғап келеді. Осы аралықта ол барлық турнирлерде 205 матч өткізіп, 41 гол соғып, 40 нәтижелі пас берген. Жартылай қорғаушының қазіргі келісімшарты 2028 жылдың жазыны дейін есептелген, ал Transfermarkt порталының бағалауынша, оның нарықтық құны €80 млн-ды құрайды.