locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Барлығы біледі, менің арманым – MLS. Антуан Гризманн болашаққа қатысты жоспарлары туралы

Қазіргі уақытта футболшы «Атлетикоға» толық көңіл бөлуде
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Барлығы біледі, менің арманым – MLS. Антуан Гризманн болашаққа қатысты жоспарлары туралы
ФОТО: Getty Images

Антуан Гризманн өз жоспарлары туралы айтты. Қазіргі таңда француз футболшысы Мадридтің «Атлетико» командасына толықтай назар аударып, әр турнирде ұжымның дамуына үлес қосуға тырысуда.

Француз ойыншысы MLS оның арманы болып қала беретінін мойындады, алайда қазіргі басты мақсаты — Еуропада табысқа жету және «Атлетико» сапында басты рөлін сақтау екенін жеткізді.

«Барлығы біледі, менің арманым – MLS, бірақ мен мұнда, ‘Атлетико’ сапында ойнауды әрі қарай жалғастырып, маңызды ойыншы болғым келеді», — деді Гризманн.

Биылғы маусымда француз футболшысы мадридтік клуб сапында барлық турнирде 16 ойын өткізіп, бес голдың авторы атанды.

Бұған дейін Симеоне «Атлетико»-мен келісімшартын ұзартуға жақын екені хабарланған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie