locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Байер» қызметкерлері Тен Хагты соңғы 15-20 жылдағы ең нашар бапкер деп санаған

Ол үшін клуб үлкен өтемақы төлеуге мәжбүр болды
Футбол
Санжар Ақатаев
Санжар Ақатаев
Журналист
ФОТО: Getty Images

«Дәріханашылардың» бұрынғы бас бапкері Эрик Тен Хаг клубтың барлық құрылымында — ойыншылардан бастап басшылық пен әртүрлі департаменттерге дейін — айтарлықтай шиеленіс тудырды.

Тағайындалғаннан көп ұзамай оны клубтың негізгі шешімдеріне қатыстырмай қоя бастады. Бұған бапкердің трансфер мәселелеріне қатысты жария сын-ескертпелері себеп болды. Ойыншылармен қарым-қатынас та салқын тартты: футболшылар алғаш турнир алдындағы матчта Тен Хагтың мотивациялық сөз сөйлемегеніне таңғалды, ал оның тактикалық тәсілі түсініксіз болып көрінді. Оның жаттығулары да ерекше өтті — жаттығу кезіндегі қолды жерге тіреп итермелеу (отжимание) доппен жұмыс жасау немесе жүгіріспен бірдей бағаланды.

Клубта ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан кейбір қызметкерлер Тен Хагты «Байердің» соңғы 15–20 жылдағы ең нашар бапкері деп есептейтінін айтты.

Бұған дейін біз маманның қызметінен кеткен соң қандай алып өтемақы алғаны туралы хабарлаған едік.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie