Бахтияр Зайнутдинов Мәскеудің «Динамо» командасының негізгі құрамында алғаш рет ойнайды
Қазақстандық ойыншы «Сочи» командасына қарсы матчта негізгі құрамда дебют жасайды
Футбол
Темірбеков Самрат
Журналист
Instagram:bateka_11
Бахтияр Зайнутдинов Мәскеудің «Динамо» командасының негізгі құрамында алғаш рет «Сочи» командасына қарсы алаңға шығады. Ойын сағат 20:00-де басталады.
Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтияр Зайнутдинов алғаш рет Мәскеудің «Динамо» командасының негізгі құрамында ойнайды. Ол Ресей Премьер-Лигасының маңызды матчында өз өнерін көрсетуге мүмкіндік алды.
Естеріңізге сала кетейік, Зайнутдинов турецкий «Бешикташ» клубынан Мәскеудің «Динамо» командасына ауысқан болатын. Қазір ол жаңа командасында өз орнын нығайтуда.
Матчтың тікелей эфирін Q League телеарнасынан және Кинопоиск платформасынан көруге болады.