locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бағдәулет Нұралы: Қажымұқан атындағы стадионда ойнау – әрбір шымкенттік жігіттің арманы

Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: ФК «Ордабасы»

«Ордабасы» шабуылшысы Бағдәулет Нұралы Премьер-лиганың сегізінші турында «Қайсарға» қарсы өткен матчтан кейін (5:0) өз әсерімен бөлісті.

«Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионда ойнау – әрбір шымкенттік футболшы үшін үлкен мәртебе әрі арман. Бүгін біз маңызды жеңіске жеттік. Стадионға келіп, қолдау көрсеткен әр жанкүйерге алғыс айтамын».

Бұл жеңістен кейін «Ордабасы» 14 ұпай жинап, турнирлік кестеде алтыншы орынға көтерілді. Ал 4 ұпайы бар «Қайсар» 12-орынға түсіп қалды. Чемпионат көшін алматылық «Қайрат» бастап тұр – команда сегізінші турда Астанада жергілікті «Жеңісті» жеңіп, тоғыз (оның ішінде бір кейінге шегерілген) ойында 23 ұпай жинады.

Алматылықтар мен ақтөбеліктерден кейін үшінші орында – 18 ұпаймен «Астана» клубы орналасқан. Олар да тоғыз ойын (оның бірі кейінге шегерілген турдан) өткізген. Сегізінші тур аясында елордалық команда өз алаңында қостанайлық «Тобылдан» 1:3 есебімен жеңілді. Бұл жеңістен кейін қостанайлықтар «Астанадан» небәрі бір ұпайға қалып, 17 ұпаймен төртінші орында келеді.

Андрей Мартин: Команданы тек 5:0 болғанда емес, әрқашан қолдау керек.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie