locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

БАҚ: Левчук «Елімаймен» болатын ойында команданы баптай береді

«Ақтөбе» бапкерді ауыстыруға әлі асығар емес — шешуші тур алдындағы мәлімет
Футбол
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
БАҚ: Левчук «Елімаймен» болатын ойында команданы баптай береді
ФОТО: ФК «Ақтөбе»

«Жеңістен» жеңілгеннен кейін «Ақтөбе» чемпиондық таластан тыс қалды. Бірақ маусымды мүлдем құрдымға жібермес үшін кем дегенде үштікке ену міндеті тұр. Бұл үшін сырт алаңдағы «Елімаймен» өтетін матч — шешуші.

«Серый кардиналдың» ақпаратына сәйкес, Вячеслав Левчук қызметін әзірге жалғастырады. Жеңілістен кейін киім ауыстыратын бөлмеде өзі отставкаға кетуге дайын екенін айтқан. Бірақ клуб басшылығы оның кемі келесі матчқа дейін қалуын шешкен.

«Левчукке келер болсақ, ол шынымен жеңіліс үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, киім ауыстыратын бөлмеде командадан кететінін айтты. Алайда басшылық басқаша шешім қабылдады. «Елімаймен» болатын ойынға команданы дәл сол кісі бастап шығады. Қазір директорды ауыстырудың да пайдасы шамалы. Дегенмен, кейбіреулер жағдайды тек түбегейлі өзгерістер арқылы ғана түзеуге болады деп есептейді. «Ақтөбенің“»қазіргі сәтсіздіктерінің себептері әлдеқайда тереңде жатыр. Бұл туралы кейінірек міндетті түрде сөз қозғаймыз. Бірақ дәл қазір емес. Қазір асығыстық танытып, қызбалыққа салынуға болмайды. Ал сіз қалай ойлайсыз?», — деп жазды аутор.

📉 Маусымдағы сәтсіздіктер:

  • Еуропа лигасында «Легиядан» ұтылды
  • Конференция лигасында «Спартадан» жеңілді
  • Кубокта 1/8 финалда ұтылды
  • Суперкубокты да беріп қойды
  • ҚПЛ-дағы жағдай: төртінші орын, көшбасшыдан бес ұпай артта
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie