locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Азияда нағыз фантастика! «Барса» экс-форварды алаңға шығып, Манчини командасына жеңісті хет-трик сыйлады

Рафа Мухика Азия чемпиондар лигасындағы матчта нағыз қаһарман атанды
Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: Аль-Садд

23 желтоқсанда Азия чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі кездесуде Катардың «Аль-Садд» және БАӘ-нің «Шабаб Аль-Ахли» командалары бақ сынасты.

Матч нағыз көз тартарлық шоуға айналды!

70-минутқа дейін БАӘ командасы Федерико Картабья мен Яхья Аль-Гассани дәл соққыларының арқасында екі гол айырмасымен алда келе жатты.

Бірақ осы сәтте аты аңызға айналған итальян бапкері Роберто Манчинидің тактикалық ауыстыруы өз жемісін берді: ол 70-минутта «Барселона» академиясының түлегі, 27 жастағы Рафа Мухиканы алаңға шығарды. Испандық шабуылшы 75-минуттан бастап хет-трик жасап, нағыз сенсация туғызды!

Алдымен «Лас-Пальмас» экс-форварды алаңға шыққаннан кейін бес минут өткен соң есепті қысқартты. Одан кейін Тарек Салман, әйгілі Роберто Фирминоның пасынан кейін, матчты теңестірді!

Осы сәттен бастап Мухиканың шоуы басталды: ол 90+11 және 90+13 минуттарда тағы екі гол соғып, жанкүйерлерді шаттыққа бөледі!

Нәтижесінде «Аль-Садд» ерік-жігер көрсетіп, 4:2 есебімен әсерлі жеңіске жетті!

Азия чемпиондар лигасы

«Аль-Садд» - «Шабаб Аль-Ахли» - 4:2

Голдар: Мухика, 75, 90+11, 90+13, Салман, 90+5 – Картабья, 47, Аль-Гассани, 70 (пенальтиден).

Азия чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің Шығыс конференциясында «Аль-Садд» бес ұпаймен оныншы орында. Ал «Шабаб Аль-Ахли» он ұпай жинап, бесінші сатыда келеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie