Қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтияр Зайнутдиновтың клубына жаңа президент тағайындалды
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Сердар Адалы
Сердал Адалы Стамбұлдың “Бешікташ” клубының жаңа президенті болып сайланды.
Idman мәліметінше, сайлауға екі кандидат – Сердал Адалы мен Хусейн Юджел қатысты. Адалы клуб тарихындағы рекордтық 8901 дауыс жинады.
“Бешікташтың” бұрынғы президенті Хасан Арат 2024 жылдың қарашасында денсаулығына байланысты қызметінен кеткен болатын.
Команданың құрамында Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов өнер көсретеді. Ол 2023 жылдың тамызында Мәскеудің ЦСКА клубынан 4,5 миллион еуроға “Бешікташқа” ауысты.
2024/2025 маусымында Зайнутдинов жеті матчқа қатысып, бір нәтижелі пас авторы атанды.