locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық төрешілер Беларусь – Ресей матчына тағайындалды

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Қазақстандық төрешілер құрамасы Беларусь – Ресей матчына тағайындалды
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық төрешілер тобы Беларусь пен Ресей құрамалары арасындағы жолдастық кездесуді өткізеді.

Бас төреші ретінде Саят Қарабаев тағайындалды, деп хабарлайды Bel.football басылымы.

Қарабаевқа көмектесетін қос көмекші - оның отандастары Юрий Тихонюк пен Дмитрий Белоградов. Ал төртінші төреші қызметін беларусьтік Амин Кургхели атқарады.

Жолдастық матч 10 маусым күні Минск қаласындағы Ұлттық стадионда өтеді. Кездесудің басталуы - Астана уақытымен сағат 22:00-де.

Айта кетейік, бұған дейін, 5 маусымда Беларусь құрамасы Борисов қаласында өткен жолдастық кездесуде Қазақстанды 4:1 есебімен жеңген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie