Қазақстандық төрешілер ірі халықаралық тағайындауға ие болды
Қазақстандық төрешілер Еурокубок матчының қазы болмақ
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: KFF
Қазақстандық футбол төрешілері халықаралық деңгейде өз мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді. УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі «Самсунспор» (Түркия) – «Хамрун Спартанс» (Мальта) матчына қазақстандық қазылар бригадасы тағайындалды.
Ойынның бас төрешісі қызметін тәжірибелі рефери Болат Сәриев атқарады. Оған қаптал төрешілері болып Сергей Васютин мен Денис Лабашов көмектеседі. Резервтік төреші міндетін Арман Исмуратов орындайды.
VAR жүйесінің жұмысына ағылшын маманы Даррен Ингланд жауапты болса, AVAR қызметін қазақстандық Данияр Сахи атқарады.
Кездесу 6 қараша күні Самсун қаласындағы «Самсун Йени Ондокуз Майыс» стадионында өтеді.