locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстандық маман Жальгиристе бас бапкері қызметін жалғастырады

Қазақстандық маман Жальгиристе бас бапкері қызметін жалғастырады
ФОТО: Getty images

59 жастағы қазақстандық бапкер Владимир Чебурин Вильнюстің “Жальгирис” клубымен келісімшартын ұзартты, деп хабарлады команданың баспасөз қызметі.

Жаңа келісімшарт жайлы толыққанды мәлімет жарияланған жоқ.

Чебурин “Жальгиристі” 2021 жылдан бері жаттықтырып келеді. Осы уақыт аралығында команда үш рет Литва чемпионатының алтын медалін жеңіп алып, екі мәрте ел Кубогының иегері атанды.

Қазақстандық маманның жетекшілігімен “Жальгирис” УЕФА турнирлерінің негізгі кезеңіне шыққан алғашқы литвалық клуб атанды.

Бұған дейін Владимир Чебурин Қарағандының “Шахтері”, “Оқжетпес”, сондай-ақ Литваның “Круоя” және “Судува” командаларын жаттықтырды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie