locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық легионерлер шетелдік клубтарда қанша жалақы алады?

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қазақстандық легионерлер шетелдік клубтарда қанша жалақы алады?
ФОТО: Getty images

Казақстандық футболшылар шетелдік ареналарда ғана емес, қаржылық тұрғыдан да табысты өнер көрсетуде. Түркия, Ресей және Польша клубтарында ойнайтын легионерлеріміз тұрақты түрде жоғары жалақы алып отыр. «Дядя Ваня» Telegram-арнасы шетелде доп теуіп жүрген қазақстандық ойыншылардың табысына қатысты мәліметтермен бөлісті.

Ақпарат көзіне сүйенсек, қазір шетелде ең жоғары жалақы алатын қазақстандық футболшы - «Бешікташ» сапындағы Бақтиер Зайнутдинов. Оның жылдық табысы 1,7 миллион еуроны құрайды - бұл айына 142,5 мың еуроға тең (шамамен 83,6 миллион теңге). Ол клубының ең көп жалақы алатын ойыншылары рейтингінде 11-орында тұр.

Келесі орында - ресейлік «Зениттің» қорғаушысы Нұрәлі Әліп. Ол жылына 855,3 мың еуро жалақы алады (айына 71,2 мың еуро). Бұл көрсеткіш бойынша ол командасында 17-сатыда.

РПЛ маусымын сәтті бастаған «Ахмат» шабуылшысы Максим Самородовтың жылдық табысы - 610,9 мың еуро, яғни ай сайын 50,9 мың еуро (29,8 миллион теңге). Ол өз клубының жалақы ведомосында сегізінші орында.

Түркияның «Адана Демирспор» клубында ойнап жүрген Абат Айымбетов те дәл сондай көлемде - 608,6 мың еуро (айына 50,7 мың еуро) табыс табады. Ол да командасында сегізінші орында.

Ал тізімді поляк клубы «Пуща» намысын қорғайтын Георгий Жуков қорытындылайды. Оның нақты жалақысы жарияланбағанымен, дереккөздерге сүйенсек, жылдық табысы шамамен 115–130 мың еуро аралығында. Бұл ай сайынғы 9 500–10 800 еуроға тең (5,5–6,3 миллион теңге).

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie