Қазақстандық клубтардың экс-бас бапкері Омари Тетрадзе Ресейде жаңа қызметке тағайындалды
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстандық клубтардың экс-бас бапкері Омари Тетрадзе Ресейдің "Уфа" футбол клубының спорттық директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport24.ru.
55 жастағы Тетрадзе өзінің бапкердік мансабында "Крылья Советов", "Анжи", "Волга НН", "Химки", "Енисей", сондай-ақ қазақстандық "Жетісу" мен "Тобол" командаларында жұмыс істеген. Ол "Анжи" мен "Волга" клубтарымен Ресей Премьер-лигасына шыққан. Соңғы жұмыс орны Грузияның "Сабуртало" клубында болды.
Қазіргі уақытта "Уфа" Ресейдің Бірінші лигасында 21 ойыннан кейін 20 ұпаймен 15-орында тұр.