Қазақстандық бизнесмен «Ақтөбе» клубының иесі атануы мүмкін
Қазақстандық бизнесмен Нұрлан Артықбаев «Ақтөбе» клубының жаңа иесі атануы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.
«ТКБ» подкастында жарияланған ақпаратқа сәйкес, ірі құрылыс компаниясы Qazaq Stroy-дың негізін қалаушы Нұрлан Артықбаев футбол клубы «Ақтөбенің» жаңа иесі болуға дайын.
49 жастағы кәсіпкер Қазақстандағы бірнеше ірі компаниялардың, оның ішінде «Қазақтелеком» және «Qazaq Kalium»-ның үлескері.
Forbes Kazakhstan журналының 2025 жылғы мамыр айындағы нұсқасы бойынша Артықбаев елдегі ең ауқатты 50 бизнесменнің қатарына еніп, 44-орын алған.
Егер мәміле жүзеге асса, «Ақтөбе» футбол клубы жеке инвестициялар есебінен дамуға мүмкіндік алып, команданың инфрақұрылымы мен ойыншылар құрамын нығайтуға жаңа серпін береді», — деп жазады портал.
Ағымдағы маусым қорытындысы бойынша «Ақтөбе» 43 ұпай жинап, ҚПЛ турнирлік кестесінде бесінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Forbes деректеріне сәйкес, Артықбаевтың байлығы 228 миллион доллар деп бағаланады.