Қазақстандық қақпашы Довгаль – Тюменьнің, Балтикаға қарсы матчындағы үздік ойыншысы
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстандық қақпашы Александр Довгаль Ресейдің Бірінші лигасының 24-турында өткен "Тюмень" мен калининградтық "Балтика" арасындағы кездесуде командасының үздік ойыншысы атанды. Бұл туралы клубтың ресми телеграм-каналы хабарлады.
Матч "Балтиканың" минималды жеңісімен аяқталды – 1:0. Жалғыз голды 75-минутта Калининград командасының жартылай қорғаушысы Илья Петров соқты.
24 жастағы Довгаль алаңда толық 90 минут ойнап, екі маңызды сейв жасады.
Қазіргі уақытта "Тюмень" 16 ұпаймен турнирлік кестенің соңғы, 18-орнында тұр. Ал "Балтика" 50 ұпай жинап, көш бастап келеді.
Сондай-ақ оқыңыз: РЕСМИ. Атырау Цветелинді қатарына қосты