locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Қазақстанда легионерлерді мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынды

Футбол 27 нау 2025 03:35
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Қазақстанда легионерлерді мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынды
ФОТО: Сенат

Қазақстанда шетелдік спортшыларды мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым енгізілді.

Сенат дене шынықтыру және спорт туралы заңға өзгерістер енгізіп, бюджет қаражатын тиімді пайдалану мен басым бағыттарды қолдауға бағытталған түзетулерді қабылдады. Негізгі назар Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Параазия ойындарында жетістікке жетуге аударылған.

Заңдағы өзгерістер бірнеше жаңашылдықты қамтиды. Ұлттық федерацияларға өңірлік ұйымдардан басымдық беріледі. Кәсіпқой клубтарды қаржыландыруға шектеу қойылып, оның орнына бұқаралық және балалар спортын дамытуға басымдық беріледі. Сондай-ақ, жергілікті билік дене шынықтыру және спорт қызметтерінің бағасын реттей алады.

Сонымен қатар, спорттық медицинаны дамыту және спортшыларды даярлау стандарттарын күшейту шаралары қолға алынды. Мемлекеттік спорт ұйымдары басшыларының ротациясы енгізіліп, басқару тиімділігін арттыру көзделген. Қабылданған шаралар қазақстандық спортшыларды қолдауға және еліміздегі спорт саласының ұзақ мерзімді дамуына ықпал етеді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie