locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстанда қанша клуб жекеменшікке өтті? Минспорт шындықты ашып айтты

Қазақстанда футбол клубтарын жекешелендіру үдерісі жеделдей түсті
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қазақстанда қанша клуб жекеменшікке өтті? Минспорт шындықты ашып айтты
ФОТО: Ақтөбе ФК

Қазақстан футболындағы басқару жүйесі түбегейлі өзгерістерге жақындап келеді. Мәжіліс жиналасында Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев елдегі футбол клубтарын жекешелендірудің қазіргі қарқыны мен нәтижелері жөнінде ашық пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл бағыт күткеннен де жылдам жүріп жатыр және отандық футболдың құрылымына елеулі түзетулер енгізуде.

Вице-министрдің мәліметінше, Премьер-лигада өнер көрсететін 14 клубтың бесеуі қазірдің өзінде толықтай жеке инвесторлардың қарамағына өткен. Тағы екі клуб бойынша инвесторлар іздеу кезеңі жүріп жатыр. Жарасбаевтың айтуынша, бірқатар ірі компаниялар қызығушылық танытып, келіссөздер «өте тығыз форматта» жүргізілуде.

Серік Жарасбаев бұл бағыт президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы екенін ерекше атап өтті. Министрлік клубтарды толық жекешелендіруді 2026 жылдың наурызына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы өз Жолдауында мемлекеттік клубтар кезең-кезеңімен жеке секторға өтуі керектігін, бұл қадам бюджетке тәуелділікті азайтып, бәсекелестік пен кәсіби басқаруды күшейтетінін айтқан болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie