Қазақстанға оралу – артқа қадам емес. Кенжебектің агенті не себепті «Елімайды» таңдағанын айтты
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебектің агенті Мамука Ломидзе оның «Елімайға» ауысуын артқа емес, алға жасалған қадам деп бағалайды. Оның пікірінше, ел біріншілігінде оңай қарсылас жоқ және дәл осындай жағдайда футболшы жаңа деңгейге көтеріле алады. Бұл туралы ол BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында айтты.
— Отанға оралу артқа шегіну емес пе?
— Жоқ, себебі бұл оңай чемпионат емес. Биыл барлығына қиын: фаворитті де, әлсізді де бөліп айту қиын. Барлық клубтар күресіп, ұпай алуға тырысып жатыр. Сондықтан Ғалымжан осы жағдайда өсе түседі. Бәрі жақсы болады деп сенемін. Біз амбициясы зор Карпович баптайтын мықты клубқа келдік.
Бұған дейін Ломидзе Кенжебектің «Хартс» клубының шорт-листінде екенін мәлімдеген. Сондай-ақ оған Словакия және Испания клубтары да қызығушылық танытқан. Ал қазіргі таңда ойыншы «Елимайдың» сапында ел намысын қорғауға дайын.