Қазақстанға қайта оралмайды ма? Адиев«Пари НН» бас бапкері атануы мүмкін
47 жастағы маман Магомед Адиев қайтадан бапкерлік қызметке оралуы мүмкін. Қазіргі таңда ол екі клубтың — Қазақстанның «Атырау» командасы мен Ресейдің «Пари НН» ұжымының назарына ілініп отыр. Бұл туралы «Инсайды от Карпа» Telegram-арнасы хабарлайды.
Ақпарат көзінің мәліметінше, Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Атырау клубымен белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта команданы Вячеслав Горовенко жаттықтырып келеді. Алайда төрт турдан кейін «Атырау» небәрі 3 ұпай жинап, турнир кестесінің төменгі бөлігінде орналасқан. Клуб басшылығы Мусаұлына ұсыныс жасап, оны келісімге көндіруге күш салып жатыр.
Сонымен қатар, Адиев Ресейдің «Пари НН» клубындағы жағдайды да бақылап отыр. 12 сәуір күні команда «Динамо» (Мәскеу) клубымен кездеседі. Егер бұл ойында жеңіліс тіркелсе, бас бапкер Виктор Гончаренко орнын босатуы мүмкін. Мұндай жағдайда Адиев негізгі үміткерлердің бірі ретінде қарастырылып отыр.
Журналист Нұрсұлтан Құрман да Магомед Адиевтің «Атыраудың» тізгінін ұстауы мүмкін екенін хабарлаған болатын.