Қазақстан жастар құрамасының құрамы жарияланды
Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Денис Мамонов 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Англия U-21 құрамасына қарсы өтетін ойынға қатысатын футболшылардың соңғы тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.
Ұлттық жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда Алматыда басталады. Кеңейтілген тізімге 24 ойыншы енді.
Қақпашылар: Нұралы Нұрғалиев («Шахтер»), Дулат Талыспаев («Кеге», Дания), Әбілқайыр Алиқаббар («Алтай»).
Қорғаушылар: Сұлтан Аскаров, Рамазан Каримов (екеуі де – «Жетісу»), Әли Тұрғанов («Академия Оңтүстік»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай («Каспий»), Темірлан Мұрзагалиев, Никита Губарев (екеуі де – «Қайсар»), Бахтияр Төлеуов («Ertis»).
Жартылай қорғаушылар: Давид Есимбеков («Жетісу»), Олжас Байбек («Қайрат»), Әбінұр Нұрымбет, Тамерлан Ағыманов (екеуі де – «Ertis»), Вячеслав Раскатов («Каспий»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Аян Байдәулетов («Ақтөбе»).
Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызылжар»), Сейф Попов («Алтай»), Ян Труфанов («Атырау»), Мәжжан Тоқтыбай («Академия Оңтүстік»), Артем Литош («Шахтер»), Рамазан Бағдат («Қайрат»).
Еске сала кетсек, іріктеудің алғашқы турында Қазақстан жастар құрамасы Андорраға қарсы ойында 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Енді команда әлдеқайда мықты қарсылақпен кездеседі: 8 қыркүйекте Ақтөбеде алаң иелері Англия жастар құрамасын қабылдайды. Ойын жергілікті уақытпен 20:00-де басталады.