Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Бельгиямен матчқа жасаған болжамымен таңғалдырды
Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Игорь Солошенко Sports24.kz порталына эксклюзивті сұхбатында 2026 жылғы ӘЧ-ның іріктеуіндегі Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасындағы алдағы матчқа қатысты пікір білдірді.
«Бұл өте керемет матч болады. Қазақстан құрамасы бельгиялықтардан ұпай тартып алады деп үміттенемін. Қазір құрамада эмоциялық өрлеу бар. Команда сапалы әрі эмоцияға толы екі жақсы матч өткізді. Лихтенштейнді 4:0 есебімен ойсырата жеңді және Солтүстік Македониямен 1:1 есебімен тең түсті. Біздің құрамамызға жанкүйер боламыз және жігіттерімізге сенеміз», - деді Игорь Солошенко.
Қазақстан мен Бельгия арасындағы алғашқы кездесу ауыр жеңіліспен аяқталды — 0:6. Осыдан кейін бас бапкер Әли Әлиев отставкаға кетті, қазір команда жаңа тәсіл мен жаңартылған стратегиямен матчқа дайындалуда.
Қазақстан — Бельгия кездесуі 15 қараша күні «Астана Аренада» өтеді, басталуы — жергілікті уақытпен 19:00. Ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді.