Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Адиев «Крылья Советовтан» кетпейді – клуб ақпаратты теріске шығарды
Самаралық «Крылья Советов» клубының бас директор орынбасары Руслан Пименов «Чемпионат» порталына берген сұхбатында Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиевтің қызметінен кететіні туралы қауесеттерге түсініктеме берді.
Бұған дейін кейбір БАҚ «Крылья Советов» жаттығуларына тек 10 ойыншы қатысып жүр деген ақпарат таратқан. Сонымен қатар, бас бапкер Магомед Адиев клуб ішіндегі келіспеушіліктерге байланысты қызметінен кетуі мүмкін деген хабар тарады.
Алайда клуб бұл мәліметтерді жоққа шығарды.
«Бұл шындық емес, Адиев команданы тастап кетпейді», – деді Руслан Пименов «Чемпионат» тілшісіне берген пікірінде.
Айта кетейік, бұған дейін команданы 2020 жылдың шілдесінен бері баптап келген Игорь Осинькин қызметінен кеткен еді.
Осылайша, клубтағы тұрақсыздық туралы қауесеттерге қарамастан, Магомед Адиев «Крылья Советов» клубындағы жұмысын жалғастырады.
«Ақтөбе» Еуропа лигасында Польшаның «Легиясымен» қайта кездеседі.