locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасының бас бапкерінің көмекшілері – Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Қазақстан құрамасының бас бапкерінің көмекшілері – Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов
ФОТО: Getty Images

Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бапкерлік штабына маңызды толықтырулар жасалды. Бұрынғы ұлттық ойыншылар Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов құраманың бас бапкеріне көмекші ретінде қосылды.

Нұрбол Жұмасқалиев Премьер-лигада ең көп матч өткізген футболшылардың бірі әрі үздік сұрмерген. 526 кездесуде 167 гол соғып, отандық футболдың тарихында өз ізін қалдырған ол 2001-2014 жылдары Қазақстан құрамасының намысын қорғап, 58 ойынға қатысты. 2021-2023 жылдар аралығында Қазақстан жастар құрамасының бас бапкерінің көмекшісі болды, ал қазіргі уақытта Қостанайдың «Тобыл» клубының бас бапкері қызметін атқаруда.

Елдос Ахметов 2012-2022 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі болды. 2024 жылы жастар құрамасының бас бапкерінің көмекшісі ретінде қызметін бастап, сол жылдың қазан айында ұлттық құраманың бапкерлік штабына қосылды.

Енді бұл екі тәжірибелі маман Қазақстан құрамасының дамуына үлес қосып, болашақта жаңа жетістіктерге жетуге көмектесетін болады.

РЕСМИ. Әли Әлиев –Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie