locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасының бас бапкері Өзбекстаннан екі рет жеңілгеннен кейін отставкаға кетті

Денис Мамонов жастар құрамасынан кетті
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қазақстан құрамасының бас бапкері Өзбекстаннан екі рет жеңілгеннен кейін отставкаға кетті
ФОТО: KFF

Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Денис Мамонов Өзбекстанға қарсы өткен қос жолдастық кездесуден кейін өз қызметінен кететінін мәлімдеді.

«Біз Ташкентте екі жолдастық ойын өткіздік. Бұл кездесулердің басты мақсаты – құрамдағы барлық футболшыны тексеріп, оларға халықаралық тәжірибе беру болатын. Өкінішке қарай, екі ойында да жеңіліп қалдық. Андоррамен болған сәтсіздіктен кейін жігіттер психологиялық тұрғыдан ауыр соққы алды, бұл олардың ойынына әсер етті. Бірінші ойында соңғы минутта гол жіберіп алдық (0:1), ал екіншісінде бірінші болып есеп ашқанмен, өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмай, 3:1 есебімен ұтылдық»,– деді Мамонов.

Мамонов екінші матчтан кейін командаға алғысын айтып, жастар құрамасының бас бапкері қызметінен кететінін жариялады.

Айта кетейік, алғашқы жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Өзбекстанға 0:1 есебімен жол берсе, екінші ойында 3:1 есебімен ұтылды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie