locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасы жеңісті қолдан шығарып алды

ФОТО: Instagram

Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынында Люксембургпен тең түсті. C дивизионының бірінші турында команда қарсылас алаңында ойнап, басымдықты сақтап қала алмады – кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Қазақстандық футболшы қыздар матчты сенімді бастады, бірінші таймда екі гол соғып, жақсы мүмкіндік жасады. Анастасия Низамутдинова дубль авторы атанды (34 және 41-минуттар). Алайда үзілістен кейін алаң иелері ойынды күшейтіп, 50-минутта Марта Эстевес Гарсия пенальтиден гол соқты, ал 73-минутта Лаура Миллер есепті теңестірді.

Бұл нәтижемен Қазақстан мен Люксембург бір-бір ұпайдан еншіледі. Осы топтағы екінші кездесуде Армения Лихтенштейнді 6:1 есебімен ойсырата жеңді.

Келесі ойында Қазақстан құрамасы 25 ақпанда Армениямен сырт алаңда кездеседі.

Алдын ,Алматылық Қайраттың 2025 жылғы маусымға арналған өтінімі белгілі болды

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie