locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі алдында Беларусьпен жолдастық матч өткізеді

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі алдында Беларусьпен жолдастық матч өткізеді
ФОТО: КФФ

Қазақстан ұлттық құрамасы 5 маусым күні Беларусь командасымен жолдастық матч өткізеді.

Ойын Астана уақыты бойынша 18:00-де Минск қаласындағы «Динамо» стадионында басталады.

Бұған дейін қазақстандықтар мен беларусьтер жеті рет кездескен: төрт ойында Беларусь жеңіске жетсе, бір матчта Қазақстан басым түскен, ал екі кездесу тең нәтижемен аяқталған.

Минскідегі ойыннан кейін Қазақстан құрамасы елге оралып, 11 маусым күні «Астана-Аренада» 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Македония құрамасына қарсы матч өткізеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie