locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан кубогы-2025. Алғашқы матчтардың төрешілер құрамы анықталды

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қазақстан кубогы-2025. Алғашқы матчтардың төрешілер құрамы анықталды
ФОТО: Эльвира Нурмустафина

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан кубогының-2025 алдын ала кезеңіндегі алғашқы ойындарға төрешілерді бекітті. 15 наурызда өтетін матчтарда кім жеңіске жетіп, жарыстың негізгі кезеңіне жолдама алады деген сұрақ басты интрига болмақ.

Алдын ала кезеңнің ойындары Алматы және Талдықорғаннан келген төрешілердің бақылауымен өтеді. Әр матчқа тәжірибелі мамандар тағайындалды:
• “Тараз” – “Талас”
Бас төреші: Эльвира Нурмустафина
Қосалқы төрешілер: Сергей Васютин, Самат Тергеусізов
Резервтік төреші: Рифат Рашидинов
• “Хан-Тәңірі” – “Арыс”
Бас төреші: Жақсылық Сейдахметов
Қосалқы төрешілер: Виктор Стасенко, Николай Коновалов
Резервтік төреші: Рүстем Омаров
• “Екібастұз” – “Мақтаарал”
Бас төреші: Біржан Сержанұлы
Қосалқы төрешілер: Нұрдәулет Арыңханов, Айдос Оразбеков
Резервтік төреші: Досбол Үсенов
• “Алтай” – “Жетісай”
Бас төреші: Николай Дышкант
Қосалқы төрешілер: Нұрлан Сарсенбаев, Айбар Маханбет
Резервтік төреші: Рүстем Омаров

Турнирдің бұл кезеңінде 16 команда сынға түседі, алайда тек төртеуі ғана келесі кезеңге өтіп, еліміздің 14 Премьер-лига клубы қатысатын негізгі кезеңге жолдама алады.

Іріктеу ойындары 15-23 наурыз аралығында Алматыда өтеді. Матчтар “Хан-Тәңірі” стадионы мен Евстафий Пехлеваниди академиясында ұйымдастырылады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie