Қазақстан футбол құрамасы ірі жеңіске жетті
U-19 командасы жолдастық матчта «Таразды» ойсырата ұтты
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: KFF
Қазақстан жастар құрамасы жолдастық кездесуде «Таразды» 6:1 есебімен ойсырата жеңді.
Ойын Шымкентте оқу-жаттығу жиыны аясында өтті. Алдағы күндері құрама тағы екі бақылау матч өткізеді: «Оңтүстік Академиясы» және «Ордабасыға» қарсы.
Шымкенттегі жиын 4 қазаннан басталып, 14 қазанға дейін жалғасады.
Бұған дейін Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынына қатысатын Қазақстан U-19 құрамасының құрамы жарияланған болатын. Шақырылған 24 ойыншының 13-і «Қайрат» сапынан, 10 футболшы өзге қазақстандық клубтардан және бір ойыншы испаниялық «Леванте» командасының өкілі.