locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Атлетико» Рашфордты «Барселонадан» өзіне тартуға тырысып жатыр

Мадридтік клуб ағылшын шабуылшысын сатып алуда «блауграна» жоспарын бұзуға үмітті
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
«Атлетико» Рашфордты «Барселонадан» өзіне тартуға тырысып жатыр
ФОТО: Getty Images

Қысқы трансферлік терезе ресми ашылмай жатып-ақ, Испания Примерасында қызу трансферлік тартыс басталды.

El Nacional-дың хабарлауынша, «Манчестер Юнайтедтің» 28 жастағы шабуылшысы Маркус Рашфорд қазір «Барселонада» жалға ойнап жүрсе де, оның «Атлетикоға» ауысу мүмкіндігі бар.

Ақпарат көздеріне сенсек, «Барселона» ойыншыны сақтап қалғысы келгенімен, «Кольчонерос» Маркусты Мадридке алып келу үшін үлкен құрбандықтарға баруға дайын.

Бұған дейін Рашфорд «Манчестер Юнайтед» басшылығына Ла Лиганың өзге клубтарынан түскен ұсыныстарды қарастырмауды сұраған болатын, өйткені ол тек «Барселонада» ойнауды қалайды. Алайда, «Атлетико» каталондық клуб ұсына алмайтын әлдеқайда пайдалы жеке келісімшарт ұсынатынына сенімді.

Биылғы маусымда шабуылшы «Барселона» сапында 23 ойын өткізіп, 7 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген.

Айтпақшы, Шерхан Калмурза «Реалға» қарсы матчтан кейін «Барселонаға ауысуы» туралы мәлімдемесімен таңғалдырды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie