locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Атлетико» Лига 1-ден сенегалдық жартылай қорғаушыны сатып алғысы келеді

Мадрид клубы Диарра үшін 25 миллион еуро төлеуі мүмкін
Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
«Атлетико» Лига 1-ден сенегалдық жартылай қорғаушыны сатып алғысы келеді
ФОТО: Getty Images

Мадридтің «Атлетикосы» Францияның «Страсбург» клубында ойнайтын Сенегал құрамасының жартылай қорғаушысы Хабиб Диарраға қызығушылық танытуда. Бұл туралы RMC Sport басылымы хабарлады. Ақпарат көзінің мәліметінше, испандық скауттар өткен маусымда бірнеше рет Лига 1 матчтарына барып, ойыншыны бақылаған.

Футболшының өзі де бұл ауысуға қарсы емес — оған Чемпиондар лигасында ойнау мүмкіндігі қызық. Дегенмен, «Атлетико» бұл трансфер бойынша асығыстық танытпай отыр.

21 жастағы жартылай қорғаушыны сатып алу құны шамамен 25 миллион еуроға бағалануда. Өткен маусымда Диарра Лига 1-де 30 матч өткізіп, 4 гол соқты және 5 нәтижелі пас берді. «Страсбург» маусымды Франция чемпионатында жетінші орынмен аяқтаған.

«Турнир қалған футболдың экожүйесін бұзады». Ла Лига клубтар арасындағы әлем чемпионатын сынға алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie