Атырау Тәжікстан құрамасының қорғаушысын жалға жіберді
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Атырау ФК
"Атырау" футбол клубы 20 жастағы тәжікстандық қорғаушы Фахриддин Ахтамовты арендаға жіберу туралы шешім қабылдады.
"Фахриддин Ахтамов уақытша командадан кетеді. Ресми түрде растаймыз, ол маусымның қалған бөлігін тәжікстандық "Худжанд" клубында арендада өткізеді", — деп хабарлады "Атырау" баспасөз қызметі.
Футболшы 2024 жылдың ақпанында қазақстандық команда құрамына қосылған. Айта кетерлігі, өткен маусымды да ол "Худжанд" сапында арендада өткізген.
Ахтамов Тәжікстан ұлттық құрамасы үшін үш матчқа қатысқан, алайда гол соққан жоқ.
Cондай-ақ оқыңыз: Айтбаев мансабын Каспийде жалғастырады