«Атырау» - «Тұран». Онлайн көру. Live трансляция
Турнирлік кестенің төменгі сатысында орналасқан командалардың айқасы
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Тұран ФК
9 тамыз күні Қазақстан Премьер-лигасының 20-шы туры аясында «Атырау» және «Тұран» командалары кездеседі.
Кездесу Атырауда «Мұнайшы» стадионында өтеді және Астана уақытымен 18:00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде KFF League You-Tube арнасынан көрсетеді.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
19 – тур қорытындысы бойынша «Атырау» 9 ұпай жинап, турнирлік кестеде соңғы орында тұр. Ал Түркістандық «Тұран» 11 ұпаймен «Атыраудан» бір саты жоғары тұр.
Өткен турда «Атырау» сырт алаңда «Ордабасымен» тең тарқасты (2:2). Ал «Тұран» ,«Жетісуге» соңғы минуттарда есе жіберді (1:0).