locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Атырау» тағы да жеңіліс тапты: Қабдулов «Тұраннан» ұтылған ойынды бағалады

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Атырау» тағы да жеңіліс тапты: Қабдулов «Тұраннан» ұтылған ойынды бағалады
ФОТО: Getty Images

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші турында «Атырау» сырт алаңда Түркістандық «Тұранмен» кездесіп, 0:1 есебімен есе жіберді.

Ойыннан кейін «Атырау» футбол клубының бас бапкерінің міндетін атқарушы Қуаныш Қабдулов матч туралы пікір білдірді.

- «Біз бұл ойынға тыңғылықты дайындалдық. Тактикалық тапсырмалар ойыншыларға нақты түсіндірілді, қажетті жаттығулар өткізілді. Менің ойымша, ойын тең дәрежеде өтті. Әдеттегідей, бірінші болып гол соққан команда жеңіске жетті», - деді Қабдулов.

Екінші таймда «Атырау» шабуылды күшейту мақсатында бірнеше ауыстыру жасады. Алайда қарсылас гол соққаннан кейін де команда қорғанысқа емес, шабуылға көңіл бөліп, бар күшін алға тастады. Қабдуловтың айтуынша, бірінші таймда шешуші сәт болған: егер Заза Цицкишвили пас бергенде, ойын мүлде басқа сценариймен өрбуі мүмкін еді.

Бұл жеңіліс «Атырау» үшін маусымдағы оныншы ойындағы тоғызыншысы болып отыр. Қазіргі уақытта команда қоржынында бар-жоғы үш ұпай ғана бар және олар турнир кестесінде соңғы орындардың бірінде орналасқан.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie