locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Атырау құрамын жас жартылай қорғаушымен нығайтты

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Атырау құрамын жас жартылай қорғаушымен нығайтты
ФОТО: ФК Атырау

“Атырау” орталық жартылай қорғаушы Роман Чирковпен келісімшартқа отырғанын жариялады. 21 жастағы футболшымен жасалған келісім 2025 жылдың соңына дейін есептелген.

Чирков – алматылық “Қайрат” клубының түлегі. Соңғы екі маусымда ол Бірінші лигада “Ақжайық” сапында өнер көрсетіп, 52 матчқа қатысып, 9 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді. 2019 жылы жартылай қорғаушы Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасына шақырылып, екі ойын өткізді.

“Атырау” 2024 жылғы Премьер-лига маусымын жетінші орынмен аяқтады. Жаңа чемпионатты команда 1 наурыз күні “Елимайға” қарсы өз алаңында бастайды.

Бұған дейін “Атырау” қорғаушы Микаэль Аскаровпен келісімшартқа отырғанын хабарлаған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie