locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Атырау қатарына жаңа шабуылшы қосуды жоспарлап отыр

Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Атырау қатарына жаңа шабуылшы қосуды жоспарлап отыр
Фото: gettyimages

"Атырау" қатарына жаңа шабуылшы қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлады команданың бас бапкері Константин Горовенко.

"Біз шабуылшы іздейміз. Мүмкін тағы бір ойыншы аламыз. Биылғы жылы Қазақстандағы жағдай басқаша, бюджеттен легионерлерді қаржыландыруға тыйым салынды. Сондықтан конфигурация бойынша сұрақтар бар, жоспарланған жұмысты орындау қиын.

Конфигурацияға қатысты риза, не риза емесімді маусым көрсетеді. Дегенмен, мен әрқашан құрамның, ойыншылардың күшті болғанын қалаймын. Тағы да ойындар кемшіліктердің қай жерде екенін көрсетеді", - деді Горовенко.

Айта кетейік, Қазақстанда трансферлік терезе 4 сәуірге дейін ашық болады.

2024 жылғы маусымда "Атырау" ҚПЛ-да жетінші орын алып, Қазақстан Кубогының финалында "Ақтөбеден" (1:2) ұтылды.

48 жастағы Горовенко 2025 жылдың 10 қаңтарында "Атырауды" бапкер болып тағайындалды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie