locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ақтөбені» кім жаттықтырады? Есей Жеңісұлы бапкер туралы қауесеттерге пікір білдірді

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Ақтөбені» кім жаттықтырады? Есей Жеңісұлы бапкер туралы қауесеттерге пікір білдірді
ФОТО: Getty Images

Белгілі қазақстандық футбол шолушысы әрі сарапшы Есей Жеңісұлы «Ақтөбе» клубындағы бас бапкер ауыстыру жағдайына қатысты өз ойын айтты.

- «Шынымды айтсам, «Ақтөбедегі» жағдайды жіті бақылап жүрген жоқпын. Бірақ бас бапкер қызметіне Николай Костов тағайындалуы мүмкін дегенді естідім», - деді ол «Спорт Пульс» YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, болгариялық маман Николай Костов Қазақстанда бұрын да жұмыс істеген. Ол 2018–2019 жылдары Қарағандының «Шахтерін», ал 2022 жылы «Каспий» командасын жаттықтырған.

2024 жылғы 21 сәуірде украиналық Игорь Леонов өз еркімен «Ақтөбе» клубының бас бапкері қызметінен кеткен болатын. Қазіргі уақытта оның көмекшісі болған Вячеслав Левчук уақытша бас бапкер міндетін атқаруда.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie