«Ақтөбеден» ірі есеппен жеңілгеннен кейін «Тұранның» капитаны пікір білдірді
«Тұран» жартылай қорғаушысы Рахат Үсіпханов Премьер-лиганың 14-туры аясында «Ақтөбеден» 0:3 есебімен ұтылғаннан кейін өз пікірін білдірді. Ол ойын оңай болмағанын айтып, команда мен жанкүйерлерге алғысын жеткізді.
«Бүгінгі матч біз үшін оңай болған жоқ. «Ақтөбе» тағы да мықты қарсылас екенін дәлелдеді. Бірақ біз алаңда бар күшімізді салдық, соңына дейін күрестік. Командадағы әріптестеріммен және жанкүйерлерімізбен мақтанамын — біз бәріміз бір мақсат үшін ойнадық», — деді Үсіпханов Kazfootball сайтына берген сұхбатында.
Ол бұл ойында капитандық таңғышты алғанын айтып, бұл үлкен жауапкершілік екенін жеткізді. Келесі матчтарға тыңғылықты дайындалып, жеңіске жету үшін барын салуға уәде берді.
«Тұранның» бұрынғы қорғаушысы Пайович «Ұлытаумен» келісімшарт жасасады.