locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ақтөбе» мен «Ордабасы» негізгі құрамдарын жариялады

Чемпионат көшбасшысы Ақтөбеге қатарынан үш жеңіспен келді
@fcaktobe_official

«Ақтөбе» мен шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясындағы орталық матчқа негізгі құрамдарын жариялады. Кездесу Ақтөбедегі Орталық стадионда өтеді, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

ҚПЛ-дың 23-туры аясында «Ақтөбе» өз алаңында чемпионат көшбасшысы — «Ордабасыны» қабылдайды. Шымкенттік клуб бұл кездесуге тамаша формада келіп отыр. Команданың еншісінде 64 ұпай бар, ал соққан және жіберген голдарының арақатынасы — 55:19. Бұдан бөлек, «Ордабасы» қатарынан үш жеңіске жетіп, сәтті сериясын жалғастыруды көздейді. «Ақтөбе» 45 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орында тұр. Ақтөбелік клуб та матчқа алдыңғы турдағы жеңістен кейін шығады.

Шымкент командасының жаттықтырушылар штабы алаңға алғашқы минуттардан бастап шығатын футболшыларды анықтады.

«Ордабасының» негізгі құрамы:

  1. Бекхан Шайзада
  2. Жасұлан Әмір
  3. Сергей Малый
  4. Гай-Марселин Килама
  5. Алекса Аманович
  6. Сұлтанбек Астанов
  7. Эвертон
  8. Кристиан-Михай Капацина
  9. Давид Абагна
  10. Лео Натэль
  11. Бьорн Йонсен

«Ақтөбенің» негізгі құрамы:

  1. Александр Заруцкий
  2. Бағдат Қайыров
  3. Әділхан Тәнжарықов
  4. Сенна Мианге
  5. Иван Ордец
  6. Яни Атанасов
  7. Пабло Альварес
  8. Даниэль Соса
  9. Олувасейи Оджо
  10. Дмитрий Топалов
  11. Артур Шушеначев

«Ордабасы» үшін Ақтөбедегі жеңіс чемпиондық атаққа бастар тағы бір қадам болмақ. Ал «Ақтөбе» турнир кестесінің жоғарғы бөлігіндегі позициясын нығайтып, шымкенттіктердің жеңісті сериясын үзуді көздейді. Екі команда да өзара кездесуге сәтті нәтижелерден кейін шығып отыр. Бұл турдың орталық матчындағы интриганы одан әрі күшейте түседі.

Абылай Сеитов
Журналист
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie