locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Аталанта» жұлдызды ойыншысы Бельгияның Қазақстанды ойсырата жеңуін пікірледі

Футболшы команданың ойынымен риза
Футбол
Серик Амирбек
Серик Амирбек
Редактор
«Аталанта» жұлдызды ойыншысы Бельгияның Қазақстанды ойсырата жеңуін пікірледі
ФОТО: Getty Images

«Аталанта» мен Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы Шарль Де Кетеларе Қазақстан құрамасына қарсы өткен матчтың қорытындысын пікірледі. Қожайындарқонақтарға жауапсыз алты гол соқты.

«Алғашқы жарты сағатта қарсыластар алаңда жақсы қозғалды, сол себепті бізге бос кеңістіктер табу қиындау болды. Дегенмен, біз допты жақсы бақыладық. Бірінші голдан кейін кеңістік көбейді – біз оны тиімді пайдалана алдық.

Жалпы, бәрі ойдағыдай өтті. Қыркүйектегі матчтар көңіл-күйімізді көтерді. Қазан айындағы ойындар топтан шығу жолындағы күресте маңызды болады», – деп келтіреді футболшының сөзін RTBF.

Қыркүйекте Бельгия құрамасы әлем чемпионатына іріктеу аясында екі жеңіске жетіп, жалпы есепте 12:0 нәтижеге қол жеткізді. Бельгиялықтар Лихтенштейн мен Қазақстанға алты голдан соқты.

Бельгия іріктеу тобында 10 ұпаймен екінші орында келеді. Алда – Солтүстік Македония (11 ұпай), олардың бір ойын артық. Қазақстан төртінші орында, үш ұпай жинаған.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie