locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Аталанта» чемпионатта алғаш рет жеңіліске ұшырады. Серия А-да енді жеңілмеген команда жоқ

«Богиня» 10 ойында тек екі рет жеңіске жетіп, 7 мәрте тең түсті
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
«Аталанта» чемпионатта алғаш рет жеңіліске ұшырады. Серия А-да енді жеңілмеген команда жоқ
ФОТО: Getty images

Италияның Серия А чемпионатының 10-турында «Аталанта» сырт алаңда «Удинезеге» жол беріп, турнирдегі алғашқы жеңілісіне тап болды. Ойын 1:0 есебімен «Удинезенің» пайдасына аяқталды.

Кездесудің жалғыз голын «зебралар» алғашқы таймның соңында Дзаньолоның күшімен соқты.

Екінші таймда қонақтар есепті теңестіруге тырысқанымен, доп қақпаға дарымады. Нәтижесінде «Аталанта» чемпионаттағы алғашқы жеңілісін тіркеп, турнир кестесінде 10-орында қалды. «Богиня» 10 кездесудің тек екеуінде жеңіске жетіп, жеті ойында тең ойнады және бүгін алғаш рет ұтылды.

Осылайша, 2025/26 жылғы Серия А маусымында енді жеңіліссіз келе жатқан команда қалмады.

«Удинезе» бүгінгі жеңістен соң 15 ұпаймен 8-орынға көтерілді.

Серия А. 10-тур

«Удинезе» – «Аталанта» – 1:0 (1:0)

Гол: Дзаньоло, 40

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie