locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Астон Вилла» «Тоттенхэмді» сенімді түрде жеңіп, Чемпиондар лигасының аймағына көтерілді

Футбол 16 мам 2025 16:45
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
 «Астон Вилла»  «Тоттенхэмді» сенімді түрде жеңіп, Чемпиондар лигасының аймағына көтерілді
ФОТО: Getty images

Англия Премьер-лигасының 37-турында «Астон Вилла» өз алаңында «Тоттенхэмді» 2:0 есебімен сенімді түрде тізе бүктірді. Унаи Эмери жаттықтыратын команда ойынның барлық аспектісінде үстемдік танытып, маусым соңында тұрақсыз өнер көрсетіп жүрген лондондықтарға еш мүмкіндік қалдырмады.

Есеп 59-минутта ашылды: Джон Макгинн бұрыштамадан доп асырды, ал Эзри Конса баспен тура соққы жасап, төменгі бұрышты дәл көздеді. 73-минутта Роджерстің пасынан кейін Бубакар Камара есепті еселеп, қақпаның алыс бұрышын дәл ұрды.

АПЛ. 37-тур
«Астон Вилла» — «Тоттенхэм» — 2:0
Голдар: Конса, 59, Камара, 73

Бұл жеңіс «Астон Виллаға» 66 ұпай жинап, турнирлік кестеде 4-орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Чемпиондар лигасына жолдама алу жолындағы басты қадамдардың бірі осы матчта жасалды. 38 ұпайы бар «Тоттенхэм» турнир кестесінде 17-ші орында. Клуб барлық жарыстардағы бір маусымдағы жеңілістер саны бойынша өзінің антирекордын қайталады – 25.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie