locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Астананы» жеңгеннен кейін «Жеңіс» қақпашысы: Пенальти сериясы болуы мүмкін екенін есте ұстадық

Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
«Астананы» жеңген «Жеңіс» қақпашысы: пенальти сериясы болуы мүмкін екенін есте ұстадық
«Жеңіс» футбол клубының Instagram-ы

Пенальти сериясында екі соққыны қайтарған «Жеңіс» қақпашысы Сергей Игнатович матчтан кейін матч туралы өз ойымен бөлісті.

«Біз жеңістің дәмін сезінбей жүргенімізге біраз уақыт болды. Әр матчта жеңіске жақын болдық, бірақ үнемі бірдеңе жетіспей жатты. Бүгін бәрі ойдағыдай өтті: матчтың соңғы минуттарында гол соғып, кейін пенальти сериясында жеңіске жеттік. Қарсылас өте мықты болды. Олар допты жиі бақылауда ұстап, пас арқылы ойын құруды жақсы меңгерген. Біз де доппен көбірек ойнауға тырыстық, бірақ негізінен қарымта шабуылға басымдық бердік. Қақпашыларға жауапты бапкерлер көп көмектесті, қарсыласты мұқият зерттеді. Біз пенальти сериясына арнайы дайындалған жоқпыз, бірақ мұндай сценарийді ойымызда ұстадық», – деді Игнатович kff.kz сайтына.

Астаналық «Жеңіс» Қазақстан кубогының ширек финалында тағы бір елордалық клуб «Астананы» ұтты. Негізгі және қосымша уақыт 1:1 есебімен тең аяқталса, пенальтилер сериясында 4:3 есебімен «жеңістіктер» дәлірек болды.

Ойыннан кейін «Жеңістің» бас бапкерінің міндетін атқарушы Піралы Әлиев бұл жеңісті тарихи сәт деп атап, жақында клубтан кеткен «Жеңістің» бұрынғы бапкері Акис Вавалиске алғысын білдірді.

«Жеңіс» жартылай финалда «Тобыл» ойыншыларымен кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie