locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Астананың үрейі. Холанд Лондонда АПЛ-дің 22 матчында 21 гол соқты

Норвегиялық шабуылшы Англия астанасында гол соққанды ерекше жақсы көреді
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Астананың үрейі. Холанд Лондонда АПЛ-дің 22 матчында 21 гол соқты
ФОТО: Getty Images

Эрлинг Холанд АПЛ-дің жетінші турындағы «Брентфордқа» қарсы матчта «Манчестер Ситиді» алға шығарды. Норвегиялық сұрмерген бұл маусымдағы Премьер-лигадағы тоғызыншы голын соқты.

Айта кетерлігі, норвегиялық шабуылшы Англия астанасы Лондонда гол соққанды ерекше ұнатады. Холанд Лондонда өткен Премьер-лиганың 22 матчында 21 дәл соққы жасап үлгерді.

Норвегиялық ойыншы Лондонда «Вест Хэм» қақпасына жеті, «Арсеналға», «Челсиға», «Кристал Пэласқа», «Тоттенхэмге» үштен, «Фулхэмге» екі, ал «Брентфордқа» бір голдан салды.

Жалпы алғанда, «қалалықтардың» басты шабуылшысы осы маусымда барлық турнирлерде «Ман Сити» сапында 12 голға жетті.

АПЛ-дің жетінші турындағы «Брентфорд» пен «Манчестер Сити» арасындағы ойын әлі жалғасуда. Егер жеңіске жетсе, «қалалықтар» 13 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орынға көтерілуі мүмкін.

Бұған дейін, біз «Барселонаның» Холандты сатып алуды шындап қарастырып отырғанын хабарлаған болатынбыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie