locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Астананың» бұрынғы ойыншысы Твумаси Оңтүстік Кореяда мансабын жалғастырады

Гана құрамасының вингері Патрик Твумаси «Чонбук» клубымен келісімшартқа қол қойды
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Астананың» бұрынғы ойыншысы Твумаси Оңтүстік Кореяда мансабын жалғастырады
ФОТО: Getty Images

31 жастағы ганалық шабуыл шебінің ойыншысы Патрик Твумаси Оңтүстік Кореяның әйгілі «Чонбук» клубының қатарына қосылды.

Африкалық легионермен келісімшартқа қол қойылғанын клубтың баспасөз қызметі растады, алайда келісімнің нақты шарттары жарияланған жоқ.

Твумаси Қазақстанда, нақтырақ айтқанда «Астана» клубында ойнап, кең танымалдылыққа ие болды. Ол 2013 пен 2018 жылдар аралығында елордалық команданың намысын қорғап, жалпы 171 матчқа қатысып, 69 гол соқты және 32 нәтижелі пас берді.

Қазақстаннан бөлек, ганалық футболшы Кипрдің «Пафос», Испанияның «Алавес», Түркияның «Газиантеп», Германияның «Ганновер 96», Ресейдің «Амкар», сондай-ақ Израиль мен Латвия клубтарында өнер көрсетті.

Халықаралық аренада Твумаси Гана ұлттық құрамасында үш ойын өткізген.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie