Астананың бас бапкері Бабаян Челсиге қарсы ойындағы үздік ойыншыны атады
“Астананың” бас бапкері Григорий Бабаян Конференциялар лигасының топтық кезеңінің 5-турында “Челсиге” қарсы (1:3) өткен матчтан кейін астаналықтардың жалғыз голының авторы Марин Томасовтың ойынын жоғары бағалады.
“Томасовтың тәжірибесі мен өз мектебі бар. Ол командасын алға сүйреуге тырысқаны анық көрінді. Ол барлығынан сенімді ойнады. Мұндай үлкен ойындарда тәжірибе арқылы өту қажет болатын кейбір мәселелер болды. Үзілісте біз жігіттерді сәл тыныштандыра алдық. Осындай үлкен матчтардың болмауы өз әсерін тигізеді. Үлкен қобалжу байқалды. Бірінші голды жіберіп алғаннан кейін қателіктер көбейіп, команда өз ойынынан ауытқып қалды. Бұл психология мәселесі емес, біздің жағдайымызға байланысты. Біз қолдан келгенін жасадық, бірақ әлдеқайда жақсы ойнауымыз керек еді. Нәтиже осындай болды”, – деп келтірді Бабаянның сөзін Meta-ratings.kz.
Айта кетейік, Григорий Бабаян “Челсиге” қарсы матчтың қорытындысын да шығарған болатын.
Футбол
Бүгін 14:28
Футбол
Бүгін 13:25