«Астанадағы жағдай оған қолайлырақ». Шмельков Башичтің трансферін бағалады
«Матч ТВ» арнасының комментаторы Артем Шмельков BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында Иван Башичтің «Астанаға» ауысуы және оның мүмкіндіктері туралы ойын ортаға салды:
«Иван балқандық футболшы, жанындағы әріптестерімен жақсы қарым-қатынас орната алады, бірақ бұл жағынан «Орынборда» жолы болмады. Ол жақта Балқан елінің өкілдері санаулы болды, ал «Астанадағы» жағдай Башичке қолайлы болып тұр. Балқан түбегінің футболшылары осыған қатты тәуелді болып келеді.
Шеберлікке келетін болсақ, ол өте сапалы ойыншы. Ресейге келгенде, Иван жастар құрамасына шақыртылды, ал Марцел Личканың кезінде тұрақты түрде негізгі құрамның ойыншысы болды. Маған оның ойыны әрқашан ұнайтын: оның орташа және ұзақ қашықтыққа жақсы пас асырады, алаңды көре алады, стандарттар мен бұрыштамаларды өзі орындайды. Бірақ оның соққысын осы уақытқа дейін ешқандай команда пайдалана алмады», - деді сарапшы.
Башич «Астана» клубымен 2026 жылдың соңына дейін келісімшартқа отырды. Құрамда сондай-ақ Йосип Чондрич, Алекса Аманович, Марин Томасов сияқты балқандық легионерлер бар.