locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Астанада алғаш рет әлемдік деңгейде ЦП-футбол бойынша Pro санатындағы бапкерлерді оқыту курсы өтеді

Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Астанада алғаш рет әлемдік деңгейде ЦП-футбол бойынша Pro санатындағы бапкерлерді оқыту курсы өтеді
ФОТО: KFF

2-4 шілдеде «ҚФФ Футбол үйінде» церебралды сал ауруы бар адамдарға арналған футбол (ЦП-футбол) бойынша халықаралық семинар өтеді. Іс-шара Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен Халықаралық церебралды сал ауруы федерациясының (IFCPF) қолдауымен өтеді.

Семинар аясында ЦП-футбол тарихында тұңғыш рет Pro санатындағы бапкерлік курсы ұйымдастырылады.

Жиынға елімізден 13 маман қатысып, халықаралық сарапшылардың жетекшілігімен тереңдетілген дайындықтан өтеді:

• Сэм Тернер (Англия) – IFCPF футболды дамыту директоры;

• Мохаммед Зайнудин (Сингапур) – IFCPF бапкерлік курстарының оқытушысы.

IFCPF – ЦП-футбол бойынша әлемдік ресми басқарушы орган. Ұйым 2015 жылы церебралды сал ауруына шалдыққан адамдарға арналған спорт пен демалысты дамыту қауымдастығының 37 жылдық жұмысының негізінде құрылды.

Астанадағы семинар инклюзивті спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам деп санайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie