locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Астана» қорғаушысының мансабы қауіп астында

Тізедегі ауыр жарақаттар
ФОТО: ФК «Астаны»

24 жастағы «Астана» қорғаушысы Кипрас Кажуколовас мансабында екінші рет айқастырмалы байламдарын үзіп алды, деп хабарлайды Sports24.kz. Литвалық ойыншы қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр.

Қыркүйек айындағы ұлттық құраманың ойындарына шақырылғанымен, Кажуколовас бұл жолы да елге де, клубқа да көмектесе алмайды. Футболшының тізесі тағы да мазалап, айқастырмалы байламдарының жарақатына байланысты бірнеше ай алаңға шықпайды. Айта кетейік, Кипрас бұл байламдарын «Брайтон» сапында өнер көрсеткенде жанындағы байламдарымен бірге үзген болатын.

«Шын мәнінде, бұған дейін оның тізесіне екі немесе үш рет ота жасалған. Бұл жарақат оның әрі қарайғы мансабына қауіп төндірмейді деп үміттенемін, бірақ жағдай аса қуантпайды», – деп бөлісті жағдаймен таныс Балтық өңіріндегі дереккөз.

Кажуколовас Еурокубоктағы «Лозаннаға» қарсы ойында (0:2) нәтижелі қателігі үшін сынға ұшырады әрі «Ұлытауға» қарсы матчты (4:0) жіберіп алды. Десе де, соңғы сәтсіздіктерге қарамастан, «астаналықтар» орталық қорғаушыны «Қайсарға» қарсы өткен кездесуде (5:1) қолдап, голдың бірін тойлау кезінде 5-нөмірлі жейдені көтеріп, қолдау көрсетті.

Айта кетейік, қорғаушы «Астана» құрамына 2024 жылдың ақпанында қосылған. Барлық турнирлерде өткізген 58 матчта үш голмен көзге түскен.

Бұған дейін Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы «Астананың» тағы бір футболшысын мақтаған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie