locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Астана» «Окжетпесті» тас-талқан етті

Астана клубы 0:2 есебінен кейін бес голмен жауап қайтарды
Футбол
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
 «Астана» «Окжетпесті» тас-талқан етті
ФОТО: ФК «Астана»

ҚПЛ-дың 12-туры аясындағы матчта «Астана» өз алаңында «Оқжетпесті» 5:2 есебімен ұтты. Ойынның алғашқы 26 минутында қонақтар 0:2 есебімен алда тұрғанымен, астаналықтар бірінші тайм соңына дейін жағдайды толық өзгертті.

Алдымен Камара есепті қысқартты, артынша Грипши таразы басын теңестірді, ал Томасов 11 метрлік соққыдан мүлт кетпей, команданы алға шығарды — 3:2. Екінші таймда Эбонг пен Басманов та көзге түсіп, ойын соңғы есеппен аяқталды — 5:2.

ҚПЛ. 12-тур

«Астана» – «Оқжетпес» – 5:2 (3:2)

Голдар: Йованович 7, Цуцкич 26 – Камара 29, Грипши 33, Томасов 37 (пен.), Эбонг 57, Басманов 86

Осы жеңістен кейін «Астана» 30 ұпаймен турнир кестесінде жеке дара көш бастады. «Окжетпес» 20 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie