«Астана» – «Қайсар». Онлайн көру. Live трансляция
Астаналық клуб көшбасшыдан қалып қойған ұпай айырмасын қысқартуға тырысады
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: ФК Астана
28 тамыз күні Астанада Қазақстан Премьер-лигасының 19-турынан кейінге шегерілген матч өтеді.
Елордалық «Астана» өз алаңында қызылордалық «Қайсарды» қабылдайды. Ойын сағат 20:00-де басталады. Тікелей трансляцияны KFF League YouTube арнасы жүргізеді.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Қазіргі таңда «Астана» 20 кездесу өткізіп, 43 ұпаймен чемпионат кестесінде екінші орында тұр. Көш бастап келе жатқан «Тобылдан» олар небәрі бір ұпайға ғана қалып отыр – қостанайлықтардың еншісінде 44 ұпай бар.
Ал «Қайсар» бір матч артық өткізіп, әзірге 19 ұпаймен 11-сатыда орналасқан. Соңғы турда «Астана» елордалық дербиде «Жеңіске» есе жіберсе, қызылордалық команда өз алаңында «Атыраумен» 0:0 есебінде тең түсті.